Жобаға тіркелу формасы
1-ші қатысушы туралы ақпарат (*)
2-ші қатысушы туралы ақпарат (*)
3-ші қатысушы туралы ақпарат
4-ші қатысушы туралы ақпарат
Бөлім (*)
(*) - толтыру міндетті
U:hack <|> 2021
Шығармашыл және бейресми ортада өз идеяларыңызды жоба прототипіне айналдыратын жаңашыл идеялар фестивалі
Күн
Сағат
Минут
Секунд
U: hack инновациялық идеялар фестивалі 2019 жылы Шымкент қаласында алғаш ұйымдастырылған. Жобаның негізгі миссиясы - қаланың үздік мамандары мен таланттары арасында өзіне деген сенімділікті ояту және оларға өз идеяларымен бөлісуге мүмкіндік беру. Қатысушы өз «қаласын» түзеп, жобаға белсенді қатысып қана қоймай, сонымен бірге өзіңің жалқаулығын, қала стереотиптерін және жүйені түзеуге мүмкіншілік алады.

2021 жылы біз жаңа Түркістан қаласымен бастаймыз. <Түркістанды> бірге түзейік!

U:hack <túrkistan> 2021
Инновациялық идеялар фестивалі қатысушыларына арналған бейне
Секция бойынша тапсырмалар
Ақпараттық технологиялар
1. Цифрлық технологияларды қолдану арқылы экономикалық маңызы жоғары бағыттарды жетілдіру концепциясы мен әдістері.

2. Мектеп және мектепке дейінгі білім берудің инновациялық жүйелері мен технологияларын әзірлеу. Оқу платформаларын, қосымшаларын және т.б. құрастыру.

3. Аграрлық және аграрлық секторларға арналған автоматтандыру технологияларын әзірлеу.

4. Ақпараттық технология құралдарын қолдану арқылы COVID-19-бен күресудің тиімді жолдарын әзірлеу. COVID-19 мәселелері бойынша ұсыныстар немесе дәрілік препараттар есебін жүргізудің бірыңғай жүйесін құрастыру.

5. Ерекше адамдардың(мүмкіндігі шектеулі адамдардың) өмір сүру жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған IT-жоба әзірлеу. Ерекше адамдарды оқытуға арналған платформа, т.б. әзірлеу.

6. Қауіпсіздік және жол ережелерінің сақталуын бақылауға арналған цифрлық жүйе құрастыру.

7. Қоғамдық көліктер мен аялдамаларды пайдалану ыңғайлылығын арттыруға арналған цифрлық жүйе құрастыру.

8. Қала мен ауыл арасындағы ақпараттық көпірді дамытуға бағытталған жоба құрастыру.

9. Халық арасында цифрлық сауаттылықты дамыту концепциясын құрастыру. Барлық жас санаттарын қарастырыңыз.

10. Кері байланыс және шағымдану үдерісін тездету, қала басшылары мен қоғамдастықтар арасындағы байланысты жақсарту концепциясы.

Кино және видео
Талаптар:
1. www.uhack.kz веб-сайтының басты парағы (смартфон немесе компьютер экранында)
2. Кітап немесе газет.

Тақырыптар:

1. Мәдени мұраның артықшылықтары мен әлеуеті.

2. Жалпы қауіпсіздік пен жол ережелерін сақтаудың маңыздылығы.

3. Адами құндылықтар және олардың қазіргі қоғамдағы рөлі.

4. Шымкент - ТМД-ның мәдени астанасы.

5. Тілдік сауаттылықтың маңызы.

6. Отбасы әлеуметтік институтының маңызы және отбасылық құндылықтар. Тұрмыстық зорлық-зомбылық.

7. Дұрыс тамақтану және денсаулық сақтау.

8. Қазақ зиялыларын қайта өрлету.

9. Шымкент - Қазақстанның жаңа IT астанасы.

10. Шымкент COVID-19-ға қарсы.
Контент және медиа
1. Шымкент қаласының корпоративті стилі мен жеке айдентикасын құрастыру нұсқаларын ұсыныңыз.

2. Әлеуметтік қарым-қатынас пен адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жоба жасау. (Мысалы, мұқтаж топтарға өтеусіз көмек.)

3. Шағымдарды қарастыру және мүмкіндігі шектеулі отбасыларға уақытында қолдау көрсету тәсілдерін ұсыну.

4. Қауымдастықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған медиа арналардың тенденциясын дамыту. Халықтың және басқалардың психикалық және физикалық денсаулығына арналған медиа арна құрастыру.

5. Мектеп және мектепке дейінгі білім беру саласында тілдік сауаттылықты дамыту әдістерін құру.

6. Ішкі туризмді дамытудың жаңа түрлері мен тенденцияларын құрастыру.

Кәсіпкерлік
1. Азық-түлік орталығын цифрландыру және түрлендіру әдістерін ұсыныңыз
2. Қаланың ойын-сауық бизнесіне инвестиция тартудың әдістері мен жобасын жасаңыз.
3. Экологиялық мәселелермен күресуге бағытталған бизнес-тұжырымдаманы ұсыныңыз
4. Білім беру орталықтарын бизнес ретінде дамыту сценарийін жасаңыз.
5. Жергілікті құрылыс алаңдарының құнын төмендету үшін жаңа материалдар мен механизмдерді пайдалану туралы тұжырымдамалар ұсыныңыз
6. Басқа аймақтарға экспорттау мүмкіндігімен дайын өнім өндірісінің жобасын әзірлеу.

* кәсіпкерлік секциясында тек біздің тапсырмаларды орындау міндетті емес.
Смарт ғылым
1. Ғылыми зерттеулерге негізделген экологиялық мәселелерді(артық қалдықтар, ғаламдық жылыну, ауаның ластануы, т.б.) шешу концепциясы.

2. Шымкент қаласының аграрлық және ауыл шаруашылық секторының өнімділігін арттыру концепциясы.

3. Баламалы энергия көздерін тиімді пайдалану концепциясы.

4. Зерттеу қызметін дамыту әдістері мен жолдары. Ғылыми зерттеулерді дамытудың өзекті жолдары.

5. Шымкент уран, фосфор, тазартылған мұнай және басқа ресурстар сияқты әр түрлі қазба байлықтарына толы аймақ. Жергілікті ресурстарды зерттеу негізінде өндірістік қуаттарды дамыту жолдарын құрастыру.

6. Құрылыс жобаларының тиімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған жаңа техниканы, механизмдер мен материалдарды әзірлеу.

7. COVID-19-бен күресудің тиімді жолдары немесе зерттеу жүргізу.

8. Ерекше адамдардың(мүмкіндігі шектеулі адамдардың) өмір сүру жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған жоба құрастыру.

Загрузка видео
Загрузка презентации
Выберите файл
Презентации загружать сюда
Секция
5 000 000
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ
Конкурс кезеңдері
ИДЕЯ ҚҰРАСТЫРЫҢЫЗ
КЕЗ КЕЛГЕН ЖАСТАҒЫ 2-4 АДАМНАН ҚҰРАЙТЫН ТОП ЖИНАҢЫЗ
24 САҒАТ ІШІНДЕ ШЫНАЙЫ ЖОБА ПРОТОТИПІН ЖАСАП ШЫҒАРЫҢЫЗ
Секциялар
Ақпараттық технологиялар
Формат:
Халықтың өмірін жақсартатын кез-келген IT-өнім: телефонға не компьютерлерге арналған қолданбалар, сайттар, плагиндер.
Егер:
-Компьютерлерді шашсаңыз;
-Шашпасаңыз да, шашатын достарыңыз болса;
-Google, Facebook, Apple компанияларға сүйсіне қарасаңыз;
-Шымкентті дамытқыңыз келсе
Кәсіпкерлік
Формат:
Әлемді дамытуға үлес қосатын кез-келген бизнес: компания, стартап
Егер:
-Кәсіпкерлікке қызықсаңыз;
-Әлемді өзгертетін компанияның незізін қалағыңыз келсе;
-Өтеуге болатын қоғамдық қажеттілікті көрсеңіз;
-Шымкентті дамытқыңыз келсе
Контент және Медиа
Формат:
Халықтың өмірін жақсартатын контенттің кез-келген түрі: қоғамдық ұйымдар, БАҚ (СМИ), ютуб-арналар, топтар, журналдар.
Егер:
-Контентің көкесін көрсете алсаңыз;
-Аудиториямен жұмыс істей алсаңыз;
-Креативті болсаңыз және жұртқа пайдаңызды тигізгіңіз келсе;
-Шымкентті дамытқыңыз келсе,
Кино және Видео
Формат
Кез-келген стильдегі бейнелер
Егер:
-Қолыңыздан телефон камерасын тастамасаңыз;
-Әрдайым ойыңызда видео немесе фильмге сценарий құрастырсаңыз;
-Мықты фильмдермен сүйсінсеңіз;
-Шымкентті дамытқыңыз келсе,
Смарт Ғылым
Формат:
Жаңа технологиялар мен инновацияның кез-келген түрі. Роботтар, механизмдер, девайстар, IT-бағдарламалар немесе тіпті зауыттар ұсынуға болады.
Егер:
-Жаратылыстану ғылымдарын шашсаңыз (физика, химия, биология астрономия);
-Белгілі бір мәселе ашуыңызға тисе;
-Белгілі бір процесстің оңтайландыру жолын көрсеңіз;
-Шымкентті дамытқыңыз келсе
Серіктесті іздеу формасы
Өзгелер сізбен байланыса алатындай етіп мәліметтеріңізді енгізіңіз :)
Бөлім
Жиі қойылатын сұрақтар
Вопрос №1
Жас шектеулігі бар ма?
Ответ:
Жоқ, жоба бәріне ашық.
Вопрос №2
Басқа қалалардан қатысуға болады ма?
Ответ:
Иә, формат онлайн болғандықтан, әлемнің кез келген нүктесінен қатыса аласыз.
Вопрос №3
Қандай тапсырмалар болады?
Ответ:
Тапсырмаларды 31 қазан сағат 12:00-де жариялаймыз.
Вопрос №4
Секцияны ауыстаруға болады ма?
Ответ:
Иә, сіз секцияңызды тіркелгеннен кейін ауыстыра аласыз.
Вопрос №5
Бірнеше тапсырманы орындауға болады ма?
Ответ:
Уақытыңыз жетсе, әрине болады :)
Біздің серіктестер

© Барлық құқықтар сақталған. U:projects 2020.
+7 (708) 913 04 85
info@uhack.kz